Телефон:
+7 (72547) 7-74-96, 7-74-97, 7-75-00, 8 (775) 468-72-50
Мекен-жай:
ОҚО, Төле би ауданы, Біркөлік шатқалы
E-Mail:
Бас бет
"Біркөлік" кешеніне қош келдіңіздер!

Соңғы жаңалықтар

10 там 2011
01 там 2011
25 жел 2010
Жаңалықтар мұрағаты
СПК Онтустик

Ауа райы болжамы

23/02 Бс
түн
-12..-10 °C
ОШ, 0-2 м/с
23/02 Бс
таң
-12..-10 °C
Шғс, 0-2 м/с
23/02 Бс
күн
-5..-3 °C
ОБ, 2-4 м/с
23/02 Бс
кеш
-10..-8 °C
СШ, 0-2 м/с
ГИСМЕТЕО

Бүгін қасиетті Рамазан айы және мұсылмандардың бес парызының бірі - Ораза басталды


Бүгін қасиетті Рамазан айы және мұсылмандардың бес парызының бірі - Ораза басталды (2011 жылғы тамыздың 1-і - 1432 хижра жылының 1-ші рамазаны).

Бүгін қасиетті Рамазан айы және мұсылмандардың бес парызының бірі - Ораза басталды (2011 жылғы тамыздың 1-і - 1432 хижра жылының 1-ші рамазаны).

Рамазан - мұсылман күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман қауымы ораза тұтады, оны парсы тілінде «Рузе», түрік тілінде - «ураза», ал қазақ тілінде «ораза» деп атайды. Ораза тұтуды 624 жылы Мұхаммед пайғамбар белгілеп кеткен. «Ораза» деген сөздің мағынасы «алыстау» деген ұғымды білдіреді. Шариат бойынша ораза тұту дегеніміз, таң сәріден күн батқанша дейін тамақ пен судан, басқа да тән ләззатынан еркін түрде бастарту. Ораза - мұсылманға берілген бес парыздың үшіншісі. Ораза тұту Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарында жазылған.

Мұсылмандар осы айда ораза тұтады, тұрып намаз оқиды, Құран оқуларына қатысады, зекет пен садаққа береді. Сонымен олар өздерінің жүректеріне имандылық ұялатып, рухани тазаланады, өйткені дәл осы айда адамдарға Қасиетті Құран Кәрімнің бірінші аяттары жіберілген болатын.

Биылғы жылғы қасиетті Рамазан айы әлем бойынша тамыздың 1-і күні басталып, жиырма тоғыз күнге жалғасады.



Негізі: Қазақпарат,01 там 2011

Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" фирмасы
Copyright © 2008 "Біркөлік" оңалту-сауықтыру кешені ЖШС-і
Барлық құқықтар қорғалған.