Телефон:
+7 (72547) 4-13-56
Мекен-жай:
ОҚО, Төле би ауданы, Біркөлік шатқалы
E-Mail:
Санатория туралы
"Біркөлік" шипажайына қош келдіңіздер!

Соңғы жаңалықтар

20 там 2008
19 там 2008
25 шіл 2008
Жаңалықтар мұрағаты

Біздің жетістіктеріміз

Толығырақ
СПК Онтустик

Ауа райы болжамы

10/03 Ср
түн
+11..+13 °C
Оңт, 5-7 м/с
10/03 Ср
таң
+15..+17 °C
Оңт, 7-9 м/с
10/03 Ср
күн
+13..+15 °C
Оңт, 1-3 м/с
11/03 Бс
кеш
+13..+15 °C
ОШ, 2-4 м/с
GISMETEO.RU

Біз туралы қысқаша

«Біркөлік» санаторий-профилакторийі» ЖШС-гі Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы Біркөлік шатқалында орналасқан. Біркөлік шатқалы Тянь-Шань жотасының сілемдерінде, теңіз деңгейінен 1100м. биіктікте, облыс орталығы болып табылатын Шымкент қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан.

 

Шатқалды бойлай, тастақ арналар бойымен, тау бастауларының тамаша өмір бітірер күшін өз бойына сіңіре отырып Біркөлік бұлағы ағады. Оның тап-таза салқын суы шатқалдың жасыл желегіне қорек беріп, ауасын аэроиондап, салқын самал еседі. Санаторий саябағында таудың мол жасылы, долананың, бөріқарақаттың, итмұрынның, өріктер мен алмалардың ну бұталары, қылқанды ағаштардың молдығы ауаны бактериостатикалық әсер ететін фитонцидтармен толтырады. Жалпы алғанда, курорт ауасы тыныс алу органдарына, жүрек-қан тамыры жүйесіне ынталандырушы әсер етіп, орталық жүйке жүйесін сергітіп, ауыру түйсігін жоюға мүмкіндік береді.

Таулы аумақта орналасу, күннің шуақты күндерінің көптігі, бірқалыпты ылғалдық, ауаның жоғары аэроиондалуы, озон иондарымен қаныққандығы сынды факторлардың жиынтығы «Біркөлік» санаторий-профилакторийін таулы-климатты курорттар санатына жатқызуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда санаторийде 2-3 демалушыға арналған ыңғайлы жарық бөлмелері бар 200 орындық 2 заманауи жатын корпус және бір мезетте 50 демалушыны қабылдауға бейім жекелеген коттедждер бар. Нөмірлерде душтық қондырғылары бар дәретхана бөлмелері бар және жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз етіліп тұрады. Барлық қабаттарда теледидарлармен, заманауи ыңғайлы жұмсақ жиһазбен жабдықталған демалыс холлдары бар.

 

Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" фирмасы
Copyright © 2008 "Біркөлік" санаториясы ЖШС-і
Барлық құқықтар қорғалған.